АВИАОРМАНҚОРҒАУ - ОРМАН КҮЗЕТІНДЕ

Өрт қаупі зор маусым басталғаннан бері Семей және Бородулиха филиалдарының аумағында екі өрт туындады. Өртті дер кезінде байқап, жедел әрекет етудің арқасында екі өрт ошағының да таралуына жол берілмей, тез арада тоқтатылды. Сонымен қатар, Семей қаласы аумағында шаруа қожалықтары тарапынан мемлекеттік орман қорына қауіп төндірудің екі фактісі тіркелді. Бұлар - бақылаусыз ауылшаруашылық жерлерін өртеу және жағу.
20 мамырда Изатулла ауылының маңында ТЖМ, Қазавиаорманқорғау және Орман күзеті күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы ұйымдастырылып, оған «Қазавиаорманқорғау» РМҚК директоры Т.Сексенбаев қатысты. Аталған оқу-жаттығу шарасы барысында Қазавиаорманқорғау және Орман күзеті күштері орман өртін сөндіру жаттығуларын жасады. Күн енді жылынып, ыстық жазғы күндер басталған қазіргі шақта адамдар орман өрттерінің шығуына негізгі себеп болатыны рас. Найзағайлар маусымы әлі келе қойған жоқ. Сондықтан, адамдардың орманға енуі қатаң түрде рұқсатнама арқылы жүзеге асырылып, бұл жұмыстарды Орман күзеті жүзеге асыруы тиіс.
А.П. Лебединский, аға ұшқыш-бақылаушы
Аударған: А. Тлеуғазин