Орманды өрттен сақтаңыз!

Орманды өрттен сақтаңыз!

Еліміздің аймақтарында орман өрттері жиі көрініс беріп түратындығы шындық. Өрттің пайда болатын себептерінің 95% қүрайтын жәйттер-бұл антропогендік, яғни адамдар қаракетінен пайда болатын фактор. Өрттердің басым бөлігі орман ішіне шет аумағынан тарайды. Атап айтсақ, жазық даладан, жол шетінен, өзен жағалауларынан. Орман өрттері орман алқа ағаштарын жойып қана қоймай, ауыл аймақтарына да зор қауіп төндіреді.

Жылдың көктем және жаз-күз мезгілдерінде орман ішінде демалушы адамдар көп болады. Солардың көпшілігі өрт қауіпсіздігі режесін біле бермейді, білген күнде аталмыш ережелерді сақтамайды. Көбінесе, адамның қоршаған ортаға зейінсіздік нәтижесінде, байқаусыздан темекі немесе сіріңке шиін өшіріп тастауды үмытып, далада жанған отты тиісінше сөндіруге ерінетіндігі де өрт оқиғаларына әкеп соғады. Әрине, бұның бәрі- орман ережесін білмегендіктің салдары.

Далаға от жағу орнын алдын ала дайындау немесе от жағуға арналған дайын орынды пайдалану керек. Далаға от жағу орынды алқа ағаштардан алшақ жерден таңдаңыз. Отқа арналған аймақты шөптен тазалаңыздар және күрекпен отын салғанға терең емес шұңқыр қазыңыздар. Жердің құр жоғарғы қабатын алған дұрысырақ болады, солай сіздер топырақтың құнарлы қабатына зақым келтірмейсіздер. Отқа арналған орынның айналасын жарты метрден бір метрге дейін шөптерді жұлып тастаңыздар.

Отты үнемі көз аясында ұстаңыздар! Дайындап қойған отын қорын жанып тұрған оттан бірнеше метр алшақ жерде ұстаңыздар. Өте жоғары от жағудың керегі жоқ, егер оған қандай да бір ерекше қажеттілік болмаса (мысалы: сигнал беретін от).

Егер сіз орман өртін көр қалсаңыз және де оны өз күшімен өшіре алмайтын жағдайда, осы өрт ошағы мен оның орын алған жерін нөмірі 112 өрт қызметіне шұғыл қоңырау шалып, хабар беріңіз.

Осы күрделі емес ережесін сақтау-біздің ормандарымызды өрт апаттарынан сақтауға көмек береді.

Өрт қауіпсіздік ережесін бұзушылар тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Тұрақ орыннан кетер кезде далада жанған оттың үстіне су төгіп, топырақпен көміп тастап, жанған отты әбден өшіру қажет. Жанған оттың толығымен сөнгеніне және біраз уақыттан соң қайта тұтанып кетпейтіне көз жеткізіп кетіңіз. Өзіңізден кейін тазалықты ретке келтіріңіздер - әкелген бар қалдық заттарды жинап кетіңіздер, дұрысы- өздеріңізбен бірге ала кету. Бұл жай орманның мейманшылығы үшін қүрмет пен алғыс.

Орманды оттан қорғаңыздар! Табиғатты аялап, оны қадірлеңіздер, сонда сіздерге табиғат орман мен өзен-көлдерінің мол байлығын сыйлайды.


РМҚК "Авиациямен орман қорғау және орман

шаруашылығына қызмет көрсету қазақ базасы"

Балқаш өңірі - газетасы
Мақаланың газетада жарияланған күні: 09.07.2016 жыл


Популярные новости


г.Алматы, ул. Керей-Жанибек хандар 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45, e-mail: info@aviales.kz
Наверх