2021 жылғы 13 мамырда орман авиациялық жұмыстар (авиарейд) жүзеге асырылды

Бүгін аудан әкімі Қанат Кәрімов, Баянауыл авиациялық бөлімшесінің басшысы С. Н. Морозов және БМҰТП директоры Сүйіндік Бердешұлымен бірге Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өрт қауіпті учаскелерін бақылау мақсатында ЕС-145 "Казавиаспас" АҚ бортында қадағалады.

13 мамырда Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Баянауыл авиациялық бөлімшесі орман-авиациялық жұмыстарды орындауға кірісті.

Қазіргі өрт қауіпті маусымда ұлттық паркті күзету үшін "Казавиаспас" АҚ ЕС-145 тікұшағы жалға алынды. Ол өрт орнына 9 өрт сөндіруші десантшы мен 300 кг өрт сөндіру құралдарын, сондай-ақ сыртқы аспада бір жарым тонна су жеткізуге қабілетті.

2021 жылға республикалық бюджеттен 170 сағат көлемінде тікұшақты жалға алуға қаражат бөлінген болатын. Бұл БМҰТП авиациялық қызмет көрсету нормативінен екі есе аз. Әрине, авиациялық қызмет көрсету қымбат, бірақ құнды реликті ормандарды сақтап қалу, оларды қорғауға жұмсалған шығындармен бағаланбайды.

Ормандарды авиациялық қорғау Қазақстан Республикасының орман қорын күзету және қорғау жөніндегі іс-шаралардың тұтас кешенін көздейді. Атап айтатын болсақ:
- қызмет көрсетілетін аумақта орман өрттерін және мемлекеттік орман қорына қауіп төндіретін дала өрттерін байқау мақсатында авиациялық патрульдеу;
- орман өрттерін өрт сөндіруші десантшыларды тікұшақтың іліну режимінде түсіріп немесе отырғызып , сондай-ақ тікұшақтардың сыртқы аспасында орналасқан су ағызу құрылғыларынан суды ағызу арқылы сөндіру;
- өрт сөндіру күштері мен құралдарының іс-қимылын үйлестіру үшін ірі орман өрттеріне қызмет көрсету;
- орманда өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына бақылау жүргізу, тәртіп бұзушыларды анықтау және оларды жауапкершілікке тарту;
- мемлекеттік орман қоры аумағында орман кесу және браконьерлік фактілерін анықтау;
- орман зиянкестері мен ауруларының қолданыстағы ошақтарын бақылау және жаңаларын анықтау;
- сирек және Қызыл кітаптағы жануарларды олардың көбеюі мен қоныс аударуын бақылау;
- орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мақсатында халықты ақпараттандыру бойынша үгіт-насихат рейстерін өткізу секілді жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

bayanaul_aqparat

Популярные новости


г.Алматы, ул. Керей-Жанибек хандар 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45, e-mail: info@aviales.kz
Наверх