Таудағы өртті сөндіру авиация күшін қажет етеді

Қазір Алматы облысының таулы аймақтарында өрт қаупінің жоғары ықтималдығы сақталып отыр. Тамыз айында Іле Алатауында үш орман өрті тіркеліпті. Оны «Қазавиаорманқорғау» РМҚК ұшқыштары байқап, жалынды тез ауыздықтаған.

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиабөлімшесінің басшысы Бауыржан Төлепбергенов Іле Алатауынан бастап Күнгей Алатауына дейінгі таулы аймақты күніне екі рет әуеден шолып шығады. Бұл орман қорын қорғаудың ең маңызды әрекеті.  Ан-2 ұшағымен жүргізілетін жауапты сағаттарда ол тиісті орманшылықтармен байланысқа шығып, орман алқаптары туралы әуе бақылауының қорытындыларын жеткізеді.

Бауыржан Төлепбергенов,

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиабөлімшесінің басшысы:

˗Өткен жылдармен салыстырғанда таулы аймақтарда жауын-шашын мөлшері аз, әрі құрғақшылық.  Өрт қауіпсіздік сыныбы өте жоғары. Бұл орман қорын қорғау үшін авиациялық қызметтің маңызын көрсетеді. Таулы орманда өрт болған жағдайда бірінші сыныптағы Ми-8 тікұшағы десантшыларымызбен бірге ұшып шығады. Тікұшақ десантшыларды өрт шығып жатқан маңайға құрал-саймандарымен жеткізіп, одан әрі әуеден су себу жұмыстарын орындайды. 

Таудағы барлық өрттің туындау себебі-антропогендік жағдай. Бұл демалыс орындардағы демалушылардың себебінен туындаған. Авиаорман қорғаудан бөлек, жергілікті орманшылардың өздері де орман қорын қорғауда жұмыстарын жақсы атқаруда. Орман қорының қызметкерлері халыққа үнемі өртке қарсы парақшаларды таратады.  Онымен қоса авиация арқылы дыбыс ұлғайтқыш құралмен таулы орман аумағында үндеу жасалады.

Өрттің барлығы адамдардың салдарынан болды, бірақ нақты ұсталған адам жоқ. Ал неліктен адами фактор десеңіз, өрттің барлығы демалыс орындары аумағынан анықталды. Өртке қатысы бар тұлға ұсталғанда, орман қоры мен ұлттық парк қызметкерлері айыппұл салады.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

https://kazgazeta.kz/news/116191

Популярные новости


г.Алматы, ул. Керей-Жанибек хандар 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45, e-mail: info@aviales.kz
Наверх