Іле Алатауы ұлттық табиғи паркіндегі өрт төртінші тәулікте тоқтатылды
Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің Ақсай филиалына қарасты Қаскелең орманшылығының 12-ші орамында болған өрт төртінші тәулікте сағат 16:30-да тоқтатылды. Бұл туралы kazgazeta.kz тілшісіне «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімінің басшысы Бауыржан Төлепбергенов хабарлады.
Өрттің төртінші күні «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің Ми-171 тікұшағы су төгетін құрылғысымен тағы да апат ошағына аттанды. Тікұшақ көмегімен өрт ошағына 8 рет су төгілді.
Бүгін өрт ошағы толық сөндіріліп, жедел құрылған өрт сөндіру тобы үйлеріне қайтарылды. Ал өрт болған аймақты Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінің 4 қызметкері әлі де күзетуді жалғастыруда.
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
Суретті түсірген автор
https://kazgazeta.kz/news/117531