ІЛЕ АЛАТАУЫНДА «АЛАУ - 2022» ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

Бүгін  Алматы қаласы ТЖД мен «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Іле Алатауы ұлттық табиғи паркімен бірлесіп, парк аумағында  «Өрт-2022» өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді.
Жаттығудың жоспарына сәйкес, өртті «Кіші Алматы» өзені бассейні шатқалының оңтүстік-батыс беткейіндегі (Медеу бөгетінің жанындағы) «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімшесінің ұшқыш-бақылаушысы АН-2 ұшағы арқылы анықтады. Әуе бақылаушының дерегінше, шартты өрттің ауданы 2,5 гектардан астам құрады. Желдің екпіні салдарынан өрт аумағы ұлғайып, демалушы туристерге, сондай-ақ өрттің Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман алқабына таралуына және демалушы туристердің өміріне қауіп төнді.
Өрт туралы хабарламаны алғаннан кейін, Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметінің іс-қимыл алгоритміне сәйкес, орман шаруашылығы өкілдеріне көмек көрсету мақсатында, шақырту орнына барлық қажетті қалалық қызметтер мен авиация жіберілді.
Өткізілген жаттығулар аясында табиғи өртті сөндіруді, төтенше жағдайлар аймағынан адамдарды эвакуациялауды және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша практикалық іс-шаралар пысықталды.
Ұлттық саябақтың орманды алқаптары ерекше ландшафтымен және қол жетпейтін таулы жерлерімен ерекшеленетінін атап өткен жөн, мұнда өртті сөндіру тек авиацияны қолдану арқылы ғана мүмкін болады.
«Демалу үшін баратын орындардың бірі және қаланың інжу-маржаны-орманды алқаптармен жабылған Іле Алатауы тауларының маңы болып табылады. Тау сілемдерінің негізгі орман құраушы тұқымы Тянь-Шань шыршасы мен балқарағай, тау бөктеріндегі алқаптарда қайың, терек, көктерек , бұта тұқымдылары басым болғандықтан -біздің міндетіміз - ормандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және туристер мен қонақтардың орман аймағында қауіпсіз болуын қамтамасыз ету», - деп атап өтті Алматы қаласы ТЖД бастығы Руслан Қасымбаев.
Оқу-жаттығуға барлық қызметтердің жеке құрамның 142 адам, 27 техника бірлігі, 2 квадрокоптер және 3 әуе ұшақтары жұмылдырылды.
Бірлескен оқу-жаттығулардың басталуына дейін қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды.
Аудан әкімдіктерімен алдын алу шараларының арқасында осы жылдың басынан бастап Алматы қаласының аумағында құрғақ өсімдіктердің жану алаңы 70% - ға төмендеген өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда құрғақ өсімдіктердің жануының 40% - ға аз тіркелді. Бүгінгі күні 26 км минералданған алқаптар құрылды және жалпы ауданы 61 Га құрғақ өсімдіктерді шабу жүргізілді.
2022 жылғы 1 мамырдан бастап ТЖД ЖПҚ, МҰТП - мен бірлесіп 55 рейд жүргізді, 23 өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың жолын кесті, 23 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (21 - 505-бап бойынша ескерту түрінде, 2-ҚР ӘҚБК 367-бабы бойынша жалпы сомасы 76 мың 575 теңге айыппұл түрінде).

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазавиаорманқорғау» РМҚК қала тұрғындары мен қонақтарына таулы-орманды алқаптарға барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауды және:
- тамақ жасау үшін арнайы ас пісіру құрылғыларын қолдануды;
- темекі шекпеуді, тұтанған сіріңке және темекі қалдықтарын тастамауды;
- майланған, бензинге немесе басқа жанғыш заттарға малынған тазалағыш материалдарды орманда қалдырмауды;
- күн сәулесімен тез тұтанатын бөтелкелерді, шыны сынықтарын, басқа тұрмыстық қалдықтарды қалдырмауды және шөптің үстіне от жақпауды ұсынады.

Табиғат ТӨЛЕГЕНТЕГІ

https://kazgazeta.kz/news/125805

Популярные новости


г.Алматы, ул. Керей-Жанибек хандар 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45, e-mail: info@aviales.kz
Наверх