ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРМАНДЫ АЛҚАПТАРЫН АВИАЦИЯЛЫҚ ТЕХНИКА КҮШІМЕН БАҚЫЛАУДА
Жамбыл облысының орманды алқаптары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК мекемесінің бақылауымен авиация арқылы күзетіледі. Қазіргі уақытта, Жамбыл авиа бөлімінің қорғалатын аумағында екі орман өрті тіркелген. Жалпы жанып кеткен жер көлемі 250 га, соның ішінде 110 га орманды алқап. Екі өртті де уақытында авиациямен бақылап, өрт сөндіруші десантшылары және орманшылармен бірлесе отырып өрт ауыздықталған.
Қазіргі уақытта, облыста бесінші өрт қауіпсіздік сыныбы көрсетілген. Соған орай ұшақ және тікұшақпен орман авиациялық жұмыстары күнделікті орындалуда.
Сондай-ақ, сала мамандары өрт қаусіпіздігін ескертеді.
Өрт қауіпті маусымда орманда тыйым салынады:
- Орман күзеті көрсетілмеген және арнайы жабдықталмаған жерлерде от жағуға;
- Бөтелкелерді, шыны сынықтарды және басқа қоқыстарды қалдыру;
- Темекіні, жанып жанып жатқан сіріңкені тастауға;
- Техникамен ұшқын өшіргішсіз орманға бару.
Бекзат Байшалов,
"Қазавиаорманқорғау" РМҚК Жамбыл авиа тобының жетекшісі
https://kazgazeta.kz/news/128291