ӨРТЕНБЕСІН ОРМАНЫҢ, ОРМАН СЕНІҢ ҚОРҒАНЫҢ

Елімізде далалы, орманды алқаптарда орман өртін авиациялық техникамен әуеден бақылау жұмыстары жалғасуда. Мәселен, Алматы облысындағы «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиабөлімшесіне қарасты аумақта ұшқыштар биылғы өрт маусымында 14 орман өртін тіркеп, оны сөндіруге атсалысқан. Бұл туралы kazgazeta.kz тілшісі хабарлайды.  

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиабөлімшесінде өрт маусымын авиациялық бақылау жұмыстары сәуір айынан басталған.  Әуеден бақылау жұмыстары Байсерке мен Бақанастағы екі нүктеден орындалады.  Сала мамандары аймақтағы өрттің негізі себебі адами фактордан екенін айтып отыр. Сирек жағдайда найзағайдың түсуінен де болатын көрінеді.

Якупжан ИБРАГИМОВ,

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиабөлімшесінің бақылау-ұшқышы:

-Қазіргі уақытта өрттің басым көпшілігі Қарадала, Шелек, Күрті, Бақанас орманшаруашылықтарында және екі өрт Іле Алатауы ұлттық паркінде орын алды.

Таулы жерлерде тамыз-қыркүйек айларында өрт қауіпсіздік сыныбын көтеріледі. Өйткені, жауын-шашынның аз мөлшерде түсуі, шөптердің қурауы, адамадардың тауға бөктеріндегі демалыс орындарына жаппай баруы, олардың өрт қауіпсіздігін сақтамауы - таудағы өрту жағдайын ушықтырады.

Мәселен, бізде Іле Алатауы ұлттық паркінің аумағында демалыс аймақтары көптеп орналасқан. Олар Медеуде, Алма-арасанда, Түргенде, Есікте, Талғарда. Бұлар орман қоры аумағында орналасқандықтан, күн сайын дабыл қағатын мәселе. Сондықтан, аталған аймақта күн сайын ұшқпен ұшып өту жұмыстары барысында жоғарғы дыбыс шығаратын құрылғымен ескерту жасаймыз.

Бізде таулы аймақтың ең қиын орман өрттері - тік жартастардағы орман өртінің орын алуы. Бұл өте қауіпті. Өйткені, ол жерге бару да, жету де қиын, ең бастысы құтқарушы топтың өміріне аса қауіпті екенін айтқымыз келеді.  

Бүгінгі күнде Іле Алатауы ұлттық паркінің қасындағы әкімшілік жерлерден өрт ошақтары тіркелді. Бұл қалаға, ауылдық округтерге қарайтын жерлер. Бізде мұндай екі-үш өрт болды. Ең бастысы, орман қорына қауіп төндірместен,  өрт дер кезінде сөндірілді. Өрттен абай болу керек!

Сондай-ақ, сала мамандары өрт қаусіпіздігін ескертеді. 

Өрт қауіпті маусымда орманда тыйым салынады: 

  • Орман күзеті көрсетілмеген және арнайы жабдықталмаған жерлерде от жағуға;
  • Бөтелкелерді, шыны сынықтарды және басқа қоқыстарды қалдыру;
  • Темекіні, жанып жанып жатқан сіріңкені тастауға;
  • Техникамен ұшқын өшіргішсіз орманға бару.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Суретті түсірген автор

https://kazgazeta.kz/news/128536

Популярные новости


г.Алматы, ул. Керей-Жанибек хандар 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45, e-mail: info@aviales.kz
Наверх