БРАКОНЕРЛІКПЕН КҮРЕС: ОРМАНШЫЛАР ІЛЕ-БАЛҚАШ АЙМАҒЫНА ӘУЕДЕН БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗДІ


«Қазавиаорманқорғау» РМҚК бақылаушы ұшқышы, Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы маманы мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен әуе патрульдік бақылау шарасы өтті, деп хабарлайды kazgazeta.kz тілшісі.

Қазіргі таңда Іле-Балқаш табиғи резерватының аумағы мемлекеттік деңгейде қорғалады. Орманы қоры мен жан-жануарлар дүниесін көздің қарашығындай қорғау - орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін қорғаумен айналыстан сала мамандардың жауапкершілігін арттырады.



Мемлекеттік инспектор Валерий Шель авиапатрульдік шарасында браконерлік фактілер мен сексеуіл орманына қол сұғушыларды, заңсыз балық аулау жағдайларын әуеден мұқият бақылады. Назарға орман арасында тұрған көлік пен айнласындағы екі төбет ілінді. Ал көлік иелерінің жасырынып қалғаны байқалды. Тікұшақ қонып, инсектор жеткенше, олар көлікпен қашып үлгерді. Инспектор орман арасын ары-бері қарап, олардың жасырған қару оқтарын тауып алды. Іленің тағы бір жағалауында тағы бір көлік күдікті көрінді. Олар жасырынбады, аңшылыққа рұқсат етілген қағаздарын көрсетті. Тағы бірнеше жағалаудан балықшылар көзге түсті. Олардың барлығында заңды құжаттары болды.  



«Қазавиаорманқорғау» РМҚК ұшқыш бақылаушысы Жанат Байжанов орман қоры аймағында заңбұзушылықтың көбі демалыс күндері орын алатындығын айтады. Бірақ, күздің мың құбылған күндерінде ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты тікұшақ әуеге кез келген уақытта көтеріле алмайды екен. Сондықтан, ашық ауа-райында ғана әуе патрульдік бақылау шарасына мүмкіндік туады. Бастысы, әуе бақылауы жұмыстары заңсыз аңшылыққа, балық аулауға, сексеуіл ормандарын кесуге баратындардың жолын кесуге әрекет етеді.





Досжан Балабекұлы

Суреттерді түсірген автор

Алматы облысы

https://kazgazeta.kz/news/131123

Популярные новости


г.Алматы, ул. Керей-Жанибек хандар 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45, e-mail: info@aviales.kz
Наверх