АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛҒАЛЫ 9 ОРМАН ӨРТІ ТІРКЕЛДІ

Алматы облысында 20 наурыздан бері өрт қауіпсіздігі кезеңі басталғалы 9 орман өрті тіркелді. Өрттің жалпы ауданы 73,5 га аумақты құрайды. Бұл туралы kazgazeta.kz тілшісі хабарлайды.

Облыс аумағындағы өртті авиация көмегімен бақылайтын «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімшесінің қызметкерлері өрттің шығуы тікелей адами фактордан болып жатқанын айтады. Осы күнге дейін тіркелген орман өрттері орман қоры қызметкерлері, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК десантшылары және төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесіп, өшірілді. Мекеме қызметкерлері Алматы қаласы және облысының аумағында жүрген тұрғындар  мен қонақтарға орман ішінде өрт қауіпсіздігін сақтауды және өрт туындаған жағдайда  жергілікті өрт күзеті қызметіне хабарласуды сұрайды.

«Орман-біздің ең үлкен табиғи байлығымыз, экологиялық қауіпсіздіктің кепілі, елдің ұлттық-шаруашылық кешенінің басым құрамдас бөлігі. Орманға ақылды және қамқор иесі керек. Осы баға жетпес ұлттық қазынаны сақтау, көбейту, қамқорлықпен және ұтымды пайдалану тек орманшылықтың ғана емес, қоғамның да міндеті»,-дейді «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиа бөлімшесінің аға ұшқышы Якубжан Ибрагимов.

Өрт қауіпті маусымда орманда тыйым салынады: Орман күзеті көрсетілмеген және арнайы жабдықталмаған жерлерде от жағуға; Бөтелкелерді, шыны сынықтарды және басқа қоқыстарды қалдыру; Темекіні, жанып жанып жатқан сіріңкені тастауға; Техникамен ұшқын өшіргішсіз орманға бару.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Фото: Қазавиаорманқорғау

Популярные новости


г.Алматы, ул. Керей-Жанибек хандар 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45, e-mail: info@aviales.kz
Наверх