ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕСІН САҚТАЙЫҚ

Құрғақ ыстық ауа райының басталуымен өрт қауіпсіздік жағдайы ерекше шиеленіске түседі. Өрт көбінесе 90 пайыз адам факторынан туындайды. Казіргі танда Жамбыл авиа бөлімінің қорғалатын аумағында бесінші өрт қауіпсіздік сыныбы көрсетуде. Соған орай 8 өрт сөндіруші десантшыжәне 1 әуе тобының нұсқаушысы әрдайым тілсіз жаумен күресуге дайын. Орманда болған кезде өрт қауіпсіздігі ережесін
сақтау бойынша әр азамат төмендегі жайттарды есте ұстағандары жөн. Жазғы кезеңнің басталуымен өрт шығу қауіпі артады. Маусымда орманда тыйым салынады:
•Орман күзеті көрсетілмеген және арнайы жабдықталмаған жерлерде от жағуға;
•Бөтелкелерді, шыны сынықтарды және басқа қоқыстарды қалдыруға;
•Темекіні, жанып жатқан сіріңке тастауға;
•Техникамен ұшқын өшіргішсіз орманға бару.


Бекзат БАЙШАЛОВ,
Жамбыл авиа тобының жетекшісі.

Мойынқұм таңы

Популярные новости


г.Алматы, ул. Керей-Жанибек хандар 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45, e-mail: info@aviales.kz
Наверх