ІЛЕ ӨЗЕНІ БОЙЫНДАҒЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӘУЕДЕН КҮЗЕТІЛІП ЖАТЫР

Іле өзенінің бойындағы Қаскелең, Бақанас, Күрті орман шарушалығы қорын қорғау жұмыстары көктем, жаз, күз мезгілдерінде «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиабөлімшесінің негізгі міндетіне айналады. Себебі орманда өрт қауіпінің ықтималдығы жоғары. Сондықтан сала мамандары күні бойы авиатехника көмегімен әуеден бақылау жүргізіп отырады. Бұл туралы kazgazeta.kz тілшісі хабарлайды.

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиабөлімшесінің аға ұшқышы Якубжан Ибрагимов бізге Іле бойындағы орман қорларын таныстырды. Ол AIRBUS Helicopters H125 тікұшағымен Іледен Балқаш атырауына дейінгі орман шаруашылығын әуеден көрсетіп, олардың бір күнгі жұмыс барысымен таныстық.

Балқаш ауданында ауа температурасы 40 градустан жоғары, әрі ыстық жел. Соған қарамастан, жұмыс кесте бойынша жүріп жатыр. Өйткені, ыстық жел өрттің шығуына, оның кең көлемде таралып кетуіне ықпал жасайды. Тілсіз жаудың алдын алу үшін әуе күзеті көктен күніне 2-3 рет бақылау жүргізіп отырады.

Якубжан Ибрагимов, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиабөлімшесінің аға ұшқышы:

-Қазір өрт қауіптілігінің жоғары 5 класы тіркеліп отыр. Біз Іле өзені бойындағы 3 орманшауашылығын қорғаймыз. Олар Қаскелең, Бақанас, Күрті. Көрсетілген бағыт бойынша 2 сағат 50 минут ішінде 460 км аумақты айналып шықтық.

Біздің әуе қорғауымыздағы Іле өзені бойыдағы орман шарушалықтарында  5 орман өрті, ал жалпы Алматы облысында өрт кезеңі басталғалы бері 13 орман өрті тіркелді.

Алматы облысындағы орман өрттері адамдардың әсерінен болып жатыр, табиғи жағдайда сирек кездеседі.

  

                      

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Суреттерді түсірген автор

Балқаш ауданы, Алматы облысы

Популярные новости


г.Алматы, ул. Керей-Жанибек хандар 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45, e-mail: info@aviales.kz
Наверх