Биыл Алматы облысында 17 орман өрті болды


Алматы облысындағы орман қорын қорының аумағында әлі де өрт қаупі сақталып отыр. Бұл туралы kazgazeta.kz тілшісі хабарлайды.

Далалы және таулы аймақтың орман қорын күнделікті авиациямен бақылайтын «Қазавиаорманқорғау» ұшқыштары қазір облыста өрт қауіптілігінің орташа 3-ші класы тіркелгенін айтады. Сондықтан тәуліктің екінші жарытысында мекеменің ұшқыш-бақылаушылары әуеден бақылау жүргізуді жалғастырып жатыр.



Якубжан Ибрагимов,

«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы авиабөлімшесінің аға ұшқышы:

-Алматы облысында 17 орман өрті болды. Өткен жылмен салыстырғанда облыста орман өрті азайды. Биыл болған басты орман өрттері біздің авиациялық техникалар қолданысқа берілгенге дейін болған. Авиа жұмыстары басталғалы бері 4 орман өрті пайда болды. Олар Көлсай көлдерінде, Алматы қорығында, Қарадала тоғайлы орманында болды. Орман өрттері авиация көмегімен анықталды. Алматы қорығында МИ-8 тікұшағы су шашатын құрылғымен жұмыс істеді.



Өрт қауіптілігінің маусымы басталғалы бері біздің десантшыларымыз және орман қорғау қызметкерлері біріге отырып, өртті  дер кезінде сөндірді. Өрт үлкен аумаққа таралған жоқ.



Кезекті әуе бақылауымызда Алматы облысының туризмі өркендеп келе жатқан жерлердің барлығын аралап ұштық. Облыстың табиғаты керемет. Осы табиғатты қорғап қалу ең негізгі мақсатымыз. Сондықтан, осы негізіде авиабақылау жұмыстарын жүргізудеміз.

Биыл күз жаңбырлы. Бұл бізге тиімді-өрт аз болады, табиғатымыз өрттен қорғалады.

Өрт қауіпті маусымда орманда тыйым салынады: Орман күзеті көрсетілмеген және арнайы жабдықталмаған жерлерде от жағуға; Бөтелкелерді, шыны сынықтарды және басқа қоқыстарды қалдыру; Темекіні, жанып жанып жатқан сіріңкені тастауға; Техникамен ұшқын өшіргішсіз орманға бару.

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

Популярные новости


г.Алматы, ул. Керей-Жанибек хандар 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45, e-mail: info@aviales.kz
Наверх