ЕСІК КӨЛІ

Біздің редакцияның тілшісі көк жүзінен көлдерді түсіру сериясын жалғастырады. Бұл жолы Іле-Алатауының ең көрікті мекені-Есік көліне фотосуреттер топтамасын арнаймыз. 
Есік көлі шамамен 8-10 мың жыл бұрын үлкен тастардың опырылып құлауының нәтижесінде, табиғи түрде түзілген.
Оның айналасында жартасты шатқалдар, альпілік шалғындар мен фаунаның көптеген түрлері кездесетін тығыз орман да бар.
Табиғаты көз тартар Есік көлінің түсі ауа-райына байланысты өзгеріп тұрады – бұлтты күні сұр болса, күн сәулесі түсіп тұрған уақытта көк, көгілдір немесе жасыл болады. Әсіресе, күзгі келбеті тамаша. Біз осы әуе түсірілімдерінің жұмысын Алматылық "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің бақылаушы-ұшқыштарымен бірге жүзеге асырдық. Суреттерде Есік көлінің орманды белдеу жамылған Іле Алатауы ұлттық мемлекеттік саябағы мен Алматы қорығының аумағы толық көрініс тапқан. 


              

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

https://kazgazeta.kz/news/143184

Популярные новости


г.Алматы, ул. Керей-Жанибек хандар 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45, e-mail: info@aviales.kz
Наверх