ТАЛҒАТ АЛИЕВ: ОРМАНДЫ ҚОРҒАУ - ӨЗІҢДІ ҚОРҒАУ


Орман – Жердің өкпесі, ол көміртегін сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Ол әртүрлі жануарлар мен құстардың өмір сүру ортасы. Ал қазіргідей экологиялық апаттар төніп тұрған заманда- орман қорын сақтау, көбейту, келешек ұрпаққа аманаттау өте жауапты іс.

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпаратынша, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша республика аумағындағы орманды ұлғайту мақсатында 2021 жылдан 2025 жылға дейін мемлекеттік орман қорына 2 млрд. дана ағаш отырғызылады екен. Қазіргі уақытта еліміздің мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы – 30,9 млн. га құрайды және республика аумағының 11,3%-ын алып жатыр. Тәуелсіздік жылдары орман қорының ауданы – 6,4 млн. гектарға (25%) ұлғайыпты. Ал осынау орман қорын бақылау, күзету жұмыстарымен айналысып келе жатқан Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Қазавиаорманқорғау» РМКҚ қызметкерлерінің еңбегі баршылық. Биыл аталмыш мекеме 45 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы орайда «Қазавиаорманқорғау» РМКҚ басшысының міндетін атқарушы Талғат Талантбекұлы Алиевпен сұхбаттасудың реті келген еді.  


 Орманды жерден күзету мен оны әуеден күзетудің айырмашылығы үлкен. Биыл өзіңіз басшылық етіп отырған мекеме мерейтойлық жылын атап өтуде. Аздап тарихына тоқталсақ. Кәсіпорын Кеңес Одағының ыдырауынан және орталықсыздандырудан қалай аман қалды?

 «Қазавиаорманқорғау» басшылығы үшін де, бүкіл ұжымы үшін де кәсіпорынның мерейтойы белгілі бір тарихи және уақытша межеге жету ғана емес, сонымен бірге халыққа үлкен бір есеп беру жылы іспетті. Осы орайда кәсіпорындағы барлық әріптестерімді мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын! 

Кеңес Одағының ыдырауынан кейін елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты, орман-авиациялық жұмыстарын қаржыландыру айтарлықтай қысқарды. Бұл фактор кәсіпорынның жұмысын едәуір қиындатты. Бұл жалпы қорғалатын аумақтарда алты жедел авиация бөлімшесін таратуға, жұмыстарды тоқтатуға және үшеуін консервациялауға, сағаттардың жалпы ұшуын жылына 7-8 мыңнан 300-2000 сағатқа дейін қысқартуға әкеп соқтырды.






 Тәуелсіздік жылдарында аталмыш кәсіпорында қандай жұмыстар жүзеге асты?

– 2003 жылдан бастап кәсіпорынды белсенді жандандыру және оны кеңейту кезеңі басталды. 2004-2010 жылдар аралығында бес жаңа әуе бөлімшесі (Баянауыл, Қарқаралы, Бурабай, Қостанай, Жамбыл) салынып, пайдалануға берілді және ормандарды қорғау жұмыстары басталды. Алғашқы жылдары тағы 10 әуе бөлімшесіне күрделі жөндеу және қайта жарақтандыру жүргізілді.

Бөлімшелерде жаңа өрт сөндіру құралдары - заманауи рюкзакты өрт сөндіргіштермен, үрлегіштермен, мотопомпалармен, жоғары қысымды қондырғылармен, тұтандырғыш аппараттармен, түрлі мақсаттағы жұмсақ ыдыстармен, су төгетін және іске қосатын құрылғылармен, жаңа автокөлікпен, қосалқы жабдықпен, таборлық мүлікпен және жеке қорғану құралдарымен біртіндеп қайта жарақтандыру басталды.


Өскемен әуе бөлімшесінің базасында заманауи мамандандырылған автомобиль және ауыр трактор техникасымен жабдықталған механикаландырылған мобильді топ (ММТ) құрылды.


Біз өрт сөндіруші десантшылардың, АӨТ нұсқаушыларының және ұшқыш-бақылауштардың жаңа буынын өсіруге мүмкіндік берген кәсіпорынның кадрлық әлеуетін қалпына келтіріп, дамыта бастадық. Кәсіпорынға жастар келгені қуантады. Ардагерлердің жастарға деген қамқорлығы жалғасуда.


 Кәсіпорынның даму келешегі туралы не айта аласыз? Алдағы 5, 10 жылдан кейінгі мекемеңізді қалай елестетесіз?

– Бүгінде кәсіпорын жалпы білім беру жүйесінің деградациясынан туындаған тар бейінді мамандардың жетіспеушілігімен және орман өнеркәсібіне өз еркімен келетін адамдардың азаюымен үлкен сынаққа тап болып отыр.



Қазіргі уақытта басшылық пен ұжым үшін негізгі мақсат кәсіпорынның тұрақты жұмысын сақтау және материалдық - техникалық базаны одан әрі дамыту, сондай - ақ кәсіпорынның кәсіби қаңқасын сақтау. Негізгі өндірістік буынның жас кадрларын: ұшқыш- бақылаушыларды, нұсқаушыларды, өрт сөндіруші десантшыларды даярлау болып табылады. Уақыт өте келе біз қызметке кіретін адамдардың кәсібилігі мен жеке қасиеттерінің деңгейін біртіндеп арттыра отырып, жағдайды жақсы жаққа өзгерте аламыз деп үміттенеміз.

Орманды сақтауға тартылған басқа құрылымдармен байланысты, өзара іс-қимылды қалпына келтірілу, әрі нығайтылу тиіс.

Технологиялық ілгерілеу дәуірінде жұмысқа деген көзқарасты түбегейлі өзгерту туралы сұрақтар туындайды, бұл ұшқышсыз авиацияны, жер серіктерінен заманауи басқару жүйелерін және басқа мүмкіндіктерді пайдалануды білдіреді, бұл бізге ғылым мен техниканың барлық салаларында технологиялық серпіліс береді.








 Сайтымыздың оқырмандарына орман, табиғат қорғауға қатысты ұсыныс-пікіріңіз болса...

– Бізді қоршаған ортаның сұлулығы мен әсемдігі мәңгілік болуы мүмкін және бұл әрқайсымызға байланысты. Табиғаттағы қарапайым мінез-құлық ережелерін сақтау және оның байлығын арттыруға көмектесуміз қажет.

Табиғатты қорғаңыз, оған сүйіспеншілікпен қараңыз, содан кейін ол бірдей жауап береді. Өйткені, табиғақа қарсы шығу, оның  қатаң жазасына ұшыраумен аяқталады. Ойланыңыз, өйткені әрқайсымыз қоқысы жоқ орманда серуендеуді, тұнық көл мен өзенде шомылғанды,  таза кристалды суды ішкенді, жалпы таза жерде жүргенді ұнатамыз. Ал табиғаты бүлінген жерде неге болғымыз келмейді?

Орманды қорғау-өзіңді қорғау. Өйткені, біз және осы ғаламшардағы тіршілік ормансыз өмір сүре алмайды. Оны ғаламшарымыздың өкпесі деп бекерге айтпайды.



Біз неліктен өз әрекетімізге жауап бермейміз?! Орманымыз неге жыл сайын өртке оранып, күлге айналады. Өзен-көлдеріміз неге тартылып, шөлге айналады? Флора мен фаунамыз неліктен тоңалып, сыртқа кетеді? Қоршаған орта табиғатымызға қашанғы жауыздықпен қараймыз? Мұның барлығы үшін табиғат алдында жауап береміз! Оған мұқият болайық, содан кейін өмір сүру жеңіл, әрі бақытты болады.  






Менің үндеуімнің мақсаты - Сіздерден Отанымыздың табиғатын қорғауды сұрау. Біз, Сіздің ата-бабаларыңыз болашақ ұрпақ үшін қорғаған және сақтаған тағдырымызға бей-жай қарамаймыз. Бұл бізден кейін қалатын және сізге, біздің ұрпақтарымызға мұра болатын ең жақсы мұра.

 Сұхбатыңызға рақмет!



Әңгімелескен 
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Суреттерді түсірген автор

https://kazgazeta.kz/news/144544

Популярные новости


г.Алматы, ул. Керей-Жанибек хандар 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45, e-mail: info@aviales.kz
Наверх