Іле Алатауы мемлекеттік Ұлттық табиғи бағында шарпыған өрт әлі ауыздықталмады

Іле Алатауы мемлекеттік Ұлттық табиғи бағында шарпыған  өрт әлі ауыздықталмады. Жұма күні басталған жалын  бүгінге дейін таулы аймақтың 6 гектар аумағын шарпып үлгерді. Және бүгін таңертең бұл жерде  бір адам қаза тапты. Екі күннен бері Іле Алатауы мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі Алматы облысы Қарасай ауданына тиесілі аумағы жанып жатыр. Бүгінде  жалын таудың жартасты бетіне тарай бастаған. Таңертең осы аймақтағы өртті сөндіру кезінде Ұлттық парктің 41 жастағы бір инспекторы басына тас құлап, қаза тапты. Қазір қауіпті жердегі жалын тікұшақтардың көмегімен өшірілуде.
Еркебұлан ӘЛІМҚҰЛОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
- Қазіргі таңда 7 техника, 4 вертолет жұмылдырылған болатын. 4 вертолеттің ішіндегі бір вертолет Қорғаныс министрлігінен жұмылдырылды. Жалпы өртті ауыздықтауға 70-тей адам тартылды.  Олардың 30-ы «Қазәуеорманқорғау»  мекемесінің мамандары.  Аталған құрылым таратқан мәліметіне сүйенсек,  қазір өрт болған  аймақтың бір бөлігі сөндірілді. Алайда, жалын қаупі әлі сейілген жоқ. Алдын ала болжам  бойынша бүгінде саябақтың 6 гектар жері жанып кеткен.
Еркебұлан ӘЛІМҚҰЛОВ,  АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
- Қазіргі таңда өрттың жалпы аумағы 1 гектар орман алқабы болса 5 гектар құрғақ шөптер құрап отыр. Және қазіргі таңда тау шатқалында 30 адам десантталған болатын. Іле Алатауы мемлекеттік Ұлттық табиғи бағындағы өрттің шығу себебі әлі белгісіз. Қазір Алма Арасан шатқалына баратын жол туристер үшін толықтай жабылды. 

22.10.2013 ж.

 

Популярные новости


г.Алматы, ул. Керей-Жанибек хандар 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45, e-mail: info@aviales.kz
Наверх