ҚР Орман және аңшылық шаруашылығы Комитетінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру жөнінде 2013-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жасап бекіттік.
Қазіргі уақытта РМҚК «Қазавиаорманқорғау» қазақ базасында 2013 жылға бекітілген кесте бойынша 14 адамнан тұратын топпен мемлекеттік тілді оқып-үйрену сабағы аптасына екі рет өткізіліп тұрады.
Авиабазаның Қазақстандағы барлық авиатоптарында қазақ тілі сабақтары жүргізіліп жатыр.
Авиабазаның Шығыс-Қазақстан облысындағы тобы бастығы Литвиновтың В.Е. ұйымдастыруымен ұжымның адамдары 2012 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің «ШҚО халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ тілінен 120 сағаттық бағдарлама бойынша оқып-үйрену курсында оқып, куәлік алып шықты.
Авиатоптардың
адамдары қысқы демалыстан шыққан соң 2013 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік
тілде сабақ өткізуді бастады
Қазавиабазада мемлекеттік тілді жүргізуші – Исаев Р.Б.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |